ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС»ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.82.4.011
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мектеп географиясы географиялық ғылымның ерекшеліктерін көрсете отырып, табиғат-ты, қоғамды және олардың өзара іс-қимылының сипатын зерделеудің кешенді тәсілімен ерекшеленеді, сондықтан іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру үшін зерттеу қажет тақырып-тардың бірі. Мектеп географиясын оқыту кезінде оқушылардың зерттеу, практикалық және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру оқушылардың білімін жетілдіруге, оларда геогра-фиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Климаттың жаһандық өзгерістері қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр, сондықтан мектеп бағдарламасына бұл тақырыпты енгізу білім беру процесінің өзекті міндеттеріне айналды. Оқушыларды климаттық өзгерістердің себептері, салдары және олар-ды азайту жолдары туралы оқыту экологиялық сауаттылықты арттырады, сыни ойлау мен мәселелерді шешу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, оқыту барысында табиғи ресурс-тарды ұтымды пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін қолдану, экологиялық таза көлік және қалдықтарды дұрыс басқару сияқты практикалық аспектілер қарастырылады. Бұл оқу-шылардың экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастырып, оларды ғаламдық экология-лық мәселелерді шешуге бағытталған белсенді азаматтар ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.Бұл мақалада мектептегі білім беру процесіндегі, соның ішінде географиядағыклиматтық өзгерістергеқарсы күресті оқытуға байланысты әдебиеттік талдаулар жүргізілді. Мектептегі география пәні бағдарламасындағы климат пен климаттың өзгеруін зерттеудің маңызды-лығы, оқушылардың климаттың өзгеруіне қарсы күресте зерттеушілік қабілеттерін дамыту, алдын алу шаралары сияқты күрделі және даулы тақырып бойынша шет елдік зерттеулер мен ғалымдардыңтеориялық пікірлері талқыланады. Мақаланың практикалық маңыздылығы білікті бітіру жұмысының материалдары мен зерделеу және талдау негізінде жасалған қорытындыларды жалпы білім беретін мекеме-лердің география мұғалімдері әртүрлі сыныптардағы климат тақырыбын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу кезінде география сабақтарында, сондай-ақ география мұғалімінің сабақ-тан тыс қызметінде пайдалана алатындығында болып табылады.