Abstract
Зерттеудің мақсаты стресс, қорғанысфакторлары және психологиялық қанағат арасындағы байланыстарды зерттеу. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 155 студентінен құралған іріктеме алынды. Деректер өзіне-өзі есеп беру сауалнамасы арқылы онлайн алынды және сипаттамалық статистика мен жолды талдау әдісі арқылы талданды. Нәтижелер, болжамды үлгінің іріктеме деректеріне сәйкес келетінін көрсетті. Төзімділік, саналы түсіну,отбасының және басқа да жақын адамдардың қолдауы психологиялық қанағаттың мәнді болжаушылары ретінде анықталды. Сонымен қатар, стресс әлеуметтік қолдауды, төзімділікті, саналы түсіну мен өзіндік тиімділікті болжады. Студенттерге стрессті жеңуге және психология-лық қанағатқа қол жеткізуге көмектесу үшін алдын-алу шараларын (мысалы, саналы түсіну мен төзімділікті қалыптастыру) әзірлеу қажет.