ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ МЕН ҚАЛЫПТЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫНА ӘСЕРІ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2025.80.49.015
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Кіріспе. Баланың дамуы-бұл тірек-қимыл аппаратының дұрыс жұмыс істеуі мен денесінің дұрыс қалыпта болуы маңызды рөл атқаратын күрделі процесс. Тірек-қимыл аппаратының қалпы мен денсаулығы физикалық дамумен, сондай-ақ жүйке, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары сияқты басқа дене жүйелерінің дамуымен тығыз байланыста болады. Дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі қалыптың бұзылуы осы жүйелердің жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда дер кезінде шара қолданып түзетуді қажет етеді. Шолудың мақсаты. Дене бітімі мен тірек-қимыл аппаратының жағдайының бұзылуының балалар ағзасының әртүрлі жүйелерінің жұмысына әсері туралы деректерге шолу. Сондай-ақ, балалар физиологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, осы бұзылуларды диагностикалау мен мүсіде пайда болатын ауытқуларды түзету әдістерін талдау. Материалдар мен әдістері. Мақалада дене бітімінің бұзылуы мен тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және ас қорыту жүйесінің нашарлауы арасындағы байланысты растайтын заманауи зерттеулер талданады. Сонымен қатар психоэмоционалды аспектілер де талқыланады. Себебі, бала денесінің мүсіні бұзылған жағдайларда өзін-өзі бағалау мен әлеуметтік бейімделу мәселелері жиі кездеседі. Негізгі алынған нәтижелер физикалық терапия мен арнайы жаттығуларды қоса алғанда, мүсіннің бұзылуын ерте диагностикалау және түзету бойынша негізгі ұсынымдарды ұсынады. Сонымен қатар, балалар арасында ауру деңгейін төмендету үшін білім беру мекемелеріне алдын алу бағдарламаларын енгізу қажеттілігіне баса назар аударылады. Қорытынды. Дене бітімі мен тірек-қимыл аппараты балалардың дамуында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар дененің басқа жүйелерінің жұмысына әсер етеді. Сколиоз және кифоз сияқты дененің бұзылуы тыныс алу, жүрек және жүйке жүйесінің мәселелеріне әкелуі мүмкін. Дене шынықтыру мен физиотерапияны қолдана отырып біз ерте аурудың көрінуі мен кешенді түзету шаралары ауыр аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, мақалада тақырыптың өзектілігі жәнеде балалардың жалпы денсаулығы мен өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін қалыптың бұзылуын шешуге кешенді көзқарастың қажеттілігі атап өтіледі.