Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Біржан бейнесінің музыкалық-драматургиялық дамуы

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i4.909
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының Қазақстанның мәдени мұрасындағы маңыздылығымен анықталады. Зерттеудің мақсаты – Мұқан Төлебаевтың композициялық принциптері, интонацияға бай техникалары мен драмалық стратегиясының мазмұндық мәнерлілігі арқылы ашылатын Біржан бейнесінің музыкалық-драмалық дамуын талдау. Зерттеудің міндеттері Біржан бейнесінің музыкалық-драмалық құрамдас бөлігін қарастыру және М. Төлебаев Операсының бас кейіпкерінің вокалдық партияларының ұлттық мелосында және ерекше эмоционалды күшінде түйісетін батыс еуропалық классикалық музыкалық дәстүріне тән музыкалық-драмалық элементтерді талдау болып табылады. Әдістері. Зерттеу тарихи және музыкалық-теориялық тәсілдердерді біріктіретін операның музыкалық-драмалық элементтерін талдаудың кешенді әдісіне негізделген. Ариялар мен речитативтерді зерттеуде музыкалық талдау, партияларды орындау ерекшеліктерін анықтауда вокалдық шеберлік пен орындаушылық техникасын талдау әдістері, сондай-ақ қарастырылып отырған феноменнің драмалық компонентін зерттеу үшін құрылымдық талдау әдісі қолданылды. Сонымен қатар, операның жасалу контекстіне тарихи-мәдени талдау жүргізіледі. Зерттеу барысында басты кейіпкер бейнесін ашуда үлкен рөл атқаратын Біржанның төрт ариясы ретімен талданды. Нәтижелер. Зерттеу барысында Біржанның ариялары оның эмоциональды тереңдігі мен ішкі толғанысын көрсететін лирикалық сұлулығымен және мәнерлі қарқындылығымен сипатталатындығы анықталды. Біржан мінезінің түрлі қырларын бейнелейтін басты музыкалық тақырыптары айқындалды, ал олардың тоналды қарама-қайшылықтары кейіпкердің тұлғалық және эмоционалды өзгерістерін сипаттайды. Сонымен бірге Батыс Еуропа операларымен де салыстыру жүргізілді. «Біржан-Сара» операсының қазақ үшін ғана емес, әлемдік опера дәстүрі үшін де маңызы зор деген тұжырымдар жасалды. Зерттеу нәтижелері Біржанның көп қырлы музыкалық-драмалық бейнесін жасаудағы Төлебаевтың шеберлігін көрсетеді. «Біржан-Сара» операсы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, сонымен бірге композиторлар мен орындаушылардың жаңа буын өкілдеріне де ықпалын жалғастыруда. Зерттеудің практикалық маңыздылығы композиция техникалары мен опера драмасындағы интонация тәсілдерін терең зерттеуде, сондай-ақ қазақ операсын одан әрі музыкалық зерттеу мүмкіндігінде жатыр. Зерттеудің болашағы операның кең мәдени контекстке әсерін зерттеуді және дәстүрлі және батыс еуропалық элементтерді біріктіретін басқа жұмыстармен салыстырмалы талдауды қамтиды.