Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2024-4-149-79-95
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы, іскерлік тақырыпқа арналған мақалалардың алғашқы қазақ басылымдарында жариялана бастауы, сол кездегі сауда-саттық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жазылған материалдарға жан-жақты талдау жасалады. «Дала уалаятының газеті», «Қазақ», «Ақжол» газеті мен «Шолпан» журналында жарық көрген мақалалар зерделеген. ХІХ-ХХ ғасыр басында көрші Ресей елінде іскерлік баспасөз ілгерілеп, сол кездің өзінде «Финансовый обзор», «Жизнь и экономика», «Экономический журнал», «Биржевая газета», «Российский экономический обзор»басылымдары үзбей шығып тұрған. Қазақ жерінде мұндай салалық басылымдар болған жоқ. Бірақ сол кезде шыққан газет-журналдарда экономика, қаржылық, іскерлік, сауда-саттық тақырыптарына арналған материалдар көптеп жарияланып отырғаны туралы ғылыми мақалада мол ақпарат беріледі. Зерттеу барысында арнайы экономикалық, іскерлік басылымдар пайда болғанға дейін экономикалық, іскерлік мазмұндағы қоғамдық, саяси, әлеуметтік жағдай туралы газет-журналдарда көптеген ақпараттарды жарияланып отырғаны нақты мысалдар негізінде дәлелденеді. Өткен ғасырда Ресей империясы біздің қазақ жеріне жаңа саяси, экономикалық және мәдени тенденциялар әкелді, бұл өз кезегінде журналистиканың дамуына әсер етті.Газет-журналдар Қазақстандағы экономикалық, саяси оқиғаларды, өнеркәсіп пен сауданы дамыту мәселелерін қамтып қана қоймай бұқараның қаржылық сауатын ашуға ықпал еткені, Қазақстанда іскерлік журналистиканың дамуы XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында басталғаны мәтіндік материалдар негізінде дәлелденеді.