МЕМУАРЛЫҚ ПРОЗА ЭВОЛЮЦИЯСЫ: КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНАН БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.4-06
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанрдың қалыптасу негіздері, генезисі жәнехронологиясы сараланған. Зерттеу нысаны ретінде көне түркі жазбалары, жыраулар поэзиясы жәнеХХ ғасырдағы қазақ прозасы мен поэзиясында кездесетін мемуарлық сипаттағы шығарма мәтіндеріалынды. Түрлі формада, прозада, поэзияда көрініс тапқан мемуар жанрындағы мәтіндерге эмпирикалықзерттеу жүргізіліп, биографиялық параллель, контент анализ, салыстырмалы-салғастырмалы зерттеутәсілдері негізінде мемуарлық мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары, ерекшеліктеріайқындалды. Зерттеу нәтижесінде, бірінші жақтан сөйлеу арқылы тарихи оқиғаларды сипаттағанавторлар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбаларында мемуарлық элементтер анықталып, алғашқымемуар үлгілері ретінде танылды. Ал, Орта ғасырлардағы түркі авторлары Мұхаммед ХайдарДулатидың «Тарих-и Рашиди», Қадырғали Жалайыридың «Жылнамалар жинағы», ЗахириддинБабырдың «Бабырнама» шығармалары мен ХХ ғасыр басындағы алаш әдеби кезеңіндегі мемуарлықшығармалардың құрылымдық және көркемдік ерекшеліктері, тарихи дереккөз ретіндегі құндылығы,автор психологиясын анықтаудағы бағамы т.б. айқындалды. Алаш кезеңіне жататын ШәкәрімҚұдайбердіұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды алашқайраткерлерінің жазбалары, естеліктері мемуар жанры ретінде сұрыпталып, классификацияланды.Қазақ мемуаристикасы хронологиясының кеңестік кезең мемуарларындағы социалистік реализм әсеріанықталып, тәуелсіздік кезеңіндегі мемуарлық мұралардың демократтық сипаттары, сөз еркіндігі меной бостандығы, тарихи-мәдени контекстегі ерекшеліктері айқындалды.