ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59182/tudad.1595486
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, әділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады. Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мәнін жоймай келе жатқан қазына. Әсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі және отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда. Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Әзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған әр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мәдениет, әдебиет, өнер, руханият, тәлім-тәрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр. Ол ежелгі әдеби, мәдени дәстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды. «Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мәселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; және ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды.