ҰЙҚАС ЖӘНЕ ОЙДЫ ТАҚПАҚТАП БЕЙНЕЛЕУ ТӘСІЛІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.4.75.005
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Өлеңтану саласында ұйқастың көркемдік мәні мен ырғақтық міндетін өлең тақырыбынан айқын ажырата алмағандығымыз себепті, өлеңді тануда көптеген қателіктер пайда болды. Ырғақ пен ұйқасқа түскен шумақтардың бәрі бірдей дарынды өлең деп есептелді. Сол негіздеөлең өнерінің сыртқы құрылымдық жүйесі, атап айтқанда, буын, бунақ, ырғақ, ұйқас сынды өлеңнің сазды сарынын көрнектілендіретін ерекшеліктері баса назарға алынып, оның суреткерлік, образдылық және бүкпелеу сынды ішкі мәндік ерекшеліктері ойдан қағыс қалып отырды. Сөйтіп қазақ өлең өнерінің дамуы мен өркендеуінде сыңар жақтылы көзқарастар қалыптасты. Төрт жолдың басын ұйқастыра салып, бір шумақ өлеңді дүниеге әкелетін ақын болу үдерісі әдеби шығармашылық майданында көптен бері белең ала бастады. Ондай ақындардың шығармашылығына өлеңнің жоғары көркемдік өлшемі деңгейінде баға беріп, сын айту жоқтың қасы болды. Өйткені өлең теориясының зерттеп-зерделеу бағыты тек өлеңнің құрылымдық ерекшелігіне талдау жасаудан ары аса алмады. Тіпті, қара сөзбен жазылғанэсселердің өзін прозалық өлең деушілер де күн сайын молыға түсті. Өлең мен қара сөздің ара жігін ажырата алмайтын ой-пікірлер пайда болды. Көркем әдеби шығармашылықтағы поэтикалық ерекшеліктер туралы көзқарас-түсініктер солғындап, өлеңтануда қарабайыр пайымдар орын ала бастады. Ақындық өнер ретінде емес, кәсіп ретінде, өлең жазу жоғары деңгейдегі шығармашылық емес, «өндіріс» сарынында көзге түсіп отырды. Өлеңтану саласындағы осындай олқылықтарды ескере келе, нақтылы мысалдар мен фактілер негізінде өлеңтану саласына тың өзгерістердің керек екенін ортаға қойған бұл ғылыми еңбек тақпақтар мен сарынды өлеңдердің және эсселердің ерекшеліктеріне ырғақтық негізде талдау жүргізіп, оның өлең өнерінде атқаратын рөліне баса назар аударып, ойды тақпақтап жеткізу барысындағы ырғақтың маңыздылығын бұлтартпас дәлел-фактілер арқылы айқындап береді.