Abstract
Мақалада ауыл шаруашылығының екі маңызды бағытының бірі болып табылатын мал шаруашылығының негізгі саласы ет бағытындағы есепті дұрыс ұйымдастыру үшін бордақылау мен марқайтудағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері зерттеледі. Статистика бюросының мәліметтері бойынша ет өндіру көлемінің жыл сайын артуы оның есебін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігін негіздеп отыр. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық қызметі туралы ақпараттың негізгі көзі бухгалтерлік есепте қамтылған деректер болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп өндірістік процестердің барысы туралы қажетті ақпарат беруге, меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, рентабельділіктің өсуіне, тиімділікті арттыруға және жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Белсенді нарық бар жерде биологиялық активтің немесе ауылшаруашылық өнімінің әділ құнын биологиялық активтерді немесе ауылшаруашылық өнімдерін олардың негізгі сипаттамаларына қарай топтастыру арқылы анықтауға болады (мысалы, жасына немесе сапасына байланысты бағалар, сол нарықта қолданылатын заттар). Азық - түлік проблемасы қазіргі уақытта өткір болғандықтан, мақалада ауылшаруашылық кәсіпорындарының негізгі міндеті-мал басы мен жануарлардың өнімділігіне байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту екендігі көрсетілген. Бұл жас жануарлардың шығымдылығын арттыру және оны дұрыс өсіру үшін жағдай жасау, теңдестірілген тамақтандыру, бордақыланған жануарлардың тірі салмағының максималды сақталуы мен жоғары өсуіне қол жеткізу арқылы мүмкін болады. Сондай-ақ , бухгалтерлік есеп аталған міндеттерді шешуде маңызды рөл атқаратыны анықталады. Ол табын құрамындағы барлық өзгерістерді бақылайды және тіркейді, сонымен қатар малды өсіру мен бордақылау нәтижелерін анықтайды.Сонымен қатар мақалада өсім малдары мен бордақыдағы малдың бухгалтерлік есебінің шоттарда дұрыс айқындалуы мен тірі салмақтың өзіндік құнын есептеу тәртібі келтіріледі.