КӘСІБИ ЖҮКТЕМЕЛЕР МЕН ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТІС ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2025.10.94.001
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеудің мақсаты. Балалар тіс дәрігерлерінің денсаулығына әсер ететін қауіп факторларын, жұмыс жағдайларын талдау. Материалдар мен әдістер: Зерттеу барысында балалар тіс дәрігерлерінің денсаулығына әсер ететін кәсіби тәуекел факторлары мен стресс деңгейін және еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын бағалауды жәнеде өндірістік орта факторларының жеке денсаулық жағдайына әсерін социологиялық зерттеу арқылы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері: жүргізілген зерттеу негізінде балалар тіс дәрігерлерінің кәсіби қызметі жұмыс барысында ыңғайсыз жұмыс жағдайларындағы (эргономикалық) жүктемелері, эмоционалдық стресс және қолайсыз өндірістік жағдайлар сияқты жағымсыз факторлардың жоғары әсер етуімен байланысты екендігі анықталды. Негізгі тәуекелдер ұзақ статикалық жүктемемен, ыңғайсыз жұмыс жағдайымен және қарқынды эмоционалды шиеленіспен байланысты. Нәтижелер көрсеткендей, мамандардың 67%- ы қажуға ұшырайды. Ал 54% — ы мойын-иық аймағында созылмалы ауырсынуды сезінеді. Мемлекеттік мекемелердің дәрігерлерінде қажу және функционалдық бұзылулар көріністерінің жиілігі едәуір жоғары. Бұл жұмыс үрдістерін оңтайландыруды және оның алдын алу шараларын енгізуді талап етеді. Қорыта келе бұл мәселе бойынша кәсіби тәуекелдерді азайтуға және медицина қызметкерлерінің денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыс орындарының ыңғайсыз жұмыс жағдайын (эргономикалық) оңтайландыруды, тіс дәрігерлерінің денесінің функционалдық жағдайы мен оларды психологиялық қолдауды және мониторингті қамтитын кешенді алдын алу бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап көрсетеді.