Қазақстандық мерзімді басылымдардағы тілдік агрессия құбылы- сының имплицитті көрінісі («Жас Алаш» қоғамдық-саяси газетінің мысалы негізінде)

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2024-3-148-123-134
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бүгінгі таңда коммуникациядағы агрессия құбылысы күшейіп, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесі өзекті болып тұр. Тілдік агрессия тек виртуалды коммуникацияға емес, тұлғааралық қарым-қатынасқа да үлкен әсерін тигізіп жатыр. Тілдік агрессия БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен қолданылуда. Аталмыш құбылыс ашық түрде ғана емес, имплицитті (жасырын) түрде де көрініс табады. Тілдік агрессияның имплицитті түрін анықтау қиын. Ол қоғамдық пікір қалыптастырыпжәне шиеленістерді күшейтіп қана қоймай, елдегі моральдық-әлеуметтік ахуалға да ықпал етеді. Зерттеуде «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетіндегі тілдік агрессия құбылысы талданған.«Жас Алаш» газетіндегі тілдік агрессияны зерттеу барысында имплицитті агрессия талданып, оның оқырманға әсер ету механизмдері қарастырылды. Мақалада шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулеріне сілтемелер жасалған. Бұл медиа саласындағы жасырын тілдік агрессияның табиғаты мен салдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада алынған нәтижелер медиасауаттылықты арттырудың және тілдік агрессияны азайту үшін тиімді стратегияларды әзірлеудің қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл зерттеу тілдік агрессияның қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікке қалай кері әсер ететінін анықтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады