ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТТЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.75.4.010
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі - жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың психологиялық және физикалық дамуы, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа білім беру стандарттарында оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған, оларды үйлесімді даму үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін түрлі жағдайлар қарастырылған. Мақалада психологиялық денсаулық мәселесін негіздей отырып, психологиялық әл-ауқат феноменінің зерттелуі және оның ғылыми-теориялық негіздері баяндалады. Психологиялық әл-ауқат автономия, тұлғааралық қатынастардағы құзіреттілік, тұлғалық өсу, өмірдің мәнін сезіну, сенімділік пен қауіпсіздік сезімі, жағымды өмір салты, эмоциялы жайлылық, әлеуметтік ортаға бейімделу сияқты компоненттермен сипатталады.«Әл-ауқат» ұғымын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты анықтаудың негізі ретінде қабылдады. Онда денсаулық - аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы ретінде қарастырылады. Нәтижесінде «психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық» ұғымдарын ауыстыру үрдісі байқалады. Сондықтан психикалық процестер мен механизмдерге қатысы бар екенін, ал психологиялық денсаулық жеке тұлғаның дамуына қатысты екенін атап өткен жөн. Психикалық денсаулықтың критерийлері: эмоциялы тұрақтылық (өзін-өзі бақылау), жасына сәйкес сезімдердің жетілуі, негативтермен күресу, сезімдер мен эмоциялардың еркін, табиғи көрінісі; қуаныш қабілеті, әл-ауқаттың тұрақтылығы ретінде көрініс табады.Зерттеудің субъективті және объективті тәсілдері психологиялық әл-ауқаттың кәсіби қызмет пен білім беру үдерісіндегі маңыздылығына баса назар аудара отырып, педагогикалық шарттары анықталады. Алғашқылардың бірі болып «психологиялық әл-ауқат» ұғымын Н. Бредберн енгізді, автор оны бақыттың субъективті сезімімен және өмірге жалпы қанағаттанумен анықтады. Зерттеушінің моделінде психологиялық әл-ауқат оң және теріс әсерлермен үздіксіз өзара әрекеттесу арасындағы тепе-теңдікті білдіреді. Ғылыми ортада психологиялық әл-ауқаттың қалыптасуына бірқатар факторлардың әсерін дәлелдейтін зерттеулер бар. Факторлардың бірінші тобына адам (отбасы, туыстары, жақын ортасы) кіретін әлеуметтік топтар кіреді, олардың арасында балалар мен ата-аналар қарым-қатынасының мазмұны орталық орын алады. Екінші факторлар тобы - тұлғаның жас, психологиялық және жеке типологиялық ерекшеліктері.