МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ (жаратылыстану пәні негізінде)

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.75.4.029
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мектеп оқушыларының қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуда, қоршаған орта туралы ғылыми пайымын қалыптастыруда терминдік атаулар маңызды рөл атқарады. Сол себепті мектеп оқулықтарында берілетін терминдерге сараптама жүргізіп, терминдердің білім алушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейлеріне сәйкестендіріліп беруіне назар салу өзекті болып отыр. Солардың ішінде бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға (1-6-сынып) табиғат, қоршаған орта туралы алғашқы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі – жаратылыстану пәні. Сондықтан біз өз зерттеуімізде жаратылыстану оқулықтарының терминологиялық аппараттының қалыптасуына, ондағы терминдердің дұрыс берілуіне сараптамалық талдау жасауды жөн көрдік. Мектеп оқулықтарындағы, оның ішінде жаратылыстану оқулықтарындағы терминдерді меңгеру арқылы оқушылардың танымдық, коммуникациялық және ғылыми тілі, сөздік қорықалыптасады. Сәйкесінше мақаламыздың мақсаты – жаратылыстану оқулықтарының ұғымдық-терминдік аппаратына, терминдердің қолданысына сараптамалық талдау жүргізу. Зерттеу жұмысының нысаны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жаратылыстану оқулықтарында кездесетін терминдер болып саналады. Зерттеу барысында жинақтау, құрылымдық талдау, статистикалық талдау, сипаттау әдістері қолданылады. Зерттеудің нәтижесінде 1-6 сынып жаратылыстану оқулық терминдерінің ұлт тілі негізінде жасалған терминдер, будан терминдер, кірме терминдер, қосымша морфемасы ұлт тілінен болған терминдер құрылымдық топтарының сандық, пайыздық көрсеткіштері анықталды. Боз ала таң, дене сымбаты, жасанды бірлестіктер, табиғи бірлестіктер, биоценоз терминдердің қолданыс сипатына талдау жасалды. Зерттеу барысында ұсынылған тұжырымдар осы сала мамандарына тиімді ғылыми негіз ретінде қолданыла алады. Сондай-ақ оқулық терминдерін талдау үдерісіне әдістемелік көмек ретінде пайдаланылуы мүмкін.