XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.75.4.031
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

XXI ғасыр, яғни жаңа заманның қазақ аудиториясы — қазақ жастары ғаламтордың жойқын күшіне қарамастан, кітап оқуға құмар. Мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері немесе еңбек жолын енді бастаған жас мамандар болсын, түрлі бағытта, қилы жанрда кітап оқиды. Өзін дамыту, интеллектісін көтеру, жан-жақтылығын қалыптастыру — қазіргі жастардың басым көпшілігінің таңдауы. Бірақ оқырман жастар арасында қазақ әдебиетінің төл туындыларын оқитындар сирек кездеседі. Шет ел әдебиеті, манга, детектив жанрлары басымдыққа ие. Мақалада оқуға құштар жастардың шет елдің туындыларынан бұрын қазақтың төл әдебиетінің үздік туындыларына деген қызығушылығын арттыру мәселесі қозғалады.Отандық әдебиетке деген қызығушылықты ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қалыптастырған дұрыс. Осы орайда, ғылыми зерттеудің мақсаты — Абай мектептері желісінің педагогтары мен оқушыларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушы танымына сай келетін, қызығушылығын арттыратын жаңа ғасыр туындыларын анықтау, оларды оқытудың әдістемесін жасаудың қажеттілігін дәлелдеу, педагогтарға пайдалы ұсыныстар дайындау.Мақалада қазақ әдебиетін оқытуға байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері сараланады. Әдебиетті оқыту әдістемесіне қатысты тұжырымдар айтылады. Зерттеу, әңгімелесу, сауалнама алу, сұхбат, салыстыру нәтижелері синтезделіп, анализ жасалады. Қазіргі оқырманның қызығушылығына ие көркем шығарма жанрлары іріктеледі. Қазақ прозасы мен поэзиясындағы мазмұн, пішін, түр, құрылым тұрғысынан еніп жатқан жаңалықтар сарапталып, мектеп бағдарламасына енгізуге ұсынылады. Сонымен қатар, педагогтар нені және қалай оқытуды анық білуі қажет деген мақсатта педагогтарға арналған ұсыныстар әзірленді.(«AP19176992 XXI ғасырдағы қазақ әдебиетін мектеп оқушыларына оқыту әдістемесі (Абай мектептері желісі бойынша)» жобасының аясында жүргізілген зерттеулер бойынша)