Abstract
Бұл мақалада «Химия-педагогикалық білім беруде физикалық химияны оқытудың электрондық ортасын әзірлеу және оның тиімділігін зерттеу» докторлық диссертация шеңберіндегі физикалық химияны оқытуда электрондық білім беру ортасын пайдаланудың негізгі артықшылықтары қарастырылады. Мақалада оқу процесіне электрондық білім беру ортасын (ЭББО) интеграциялау мүмкіндіктері талданды. ЭББО даму тарихы мен мүмкіншіліктеріне мысал келтірілді. Зерттеудің негізгі мақсаты химия-педагогикалық білім берудегі «Физикалық химия» пәнін электрондық орта арқылы оқытуды зерттеу. Зерттеу аясында «Физикалық химия» пәнін электрондық орта пайдалану арқылы білім берудің моделі көрсетілген, модельді «мазмұндық-мақсатты» блок, «процессуальдық» блок, «критериалды-бағалау» блогына бөле отырып электрондық ортамен оқытудың артықшылықтары көрсетілген. Электрондық оқыту құралдарын сәтті қолдану мысалы сипатталды, яғни «Физикалық химия» пәніне арналған электрондық орта және электрондық ортаның мазмұны, қолдану аясы көрсетілген және оның тиімділігін растайтын зерттеу нәтижелері көрсетілді. ЭББО қолданатын оқытушылар мен білім алушылардың тәжірибесін талдауға, сондай-ақ білім беру контекстінде осы технологияны одан әрі дамыту перспективаларын қарастыруға ерекше назар аударылады. Электрондық білім беру ортасы (ЭББО) физикалық химияны оқыту мен оқу процесін жақсартудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Мақала аясында Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері қаралды және білім беру процесінде электрондық орта қолданудың көптеген артықшылықтары анықталды. Кілтті сөздер: электрондық орта, инновациялық білім беру, физикалық химияны оқыту, интерактивті оқу, білім берудегі технологиялар.