ӘР ТҮРЛІ ТАБИҒИ СУБСТРАТТАРДАН СҮТ ҚЫШҚЫЛЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ОҚШАУЛАУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2024/iss3pp44-50
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеу жұмысы қаймақ, құрт және сүт өнімдері сияқты табиғи субстраттардан сүт қышқылы микроорганизмдерін оқшаулауға және анықтауға арналған. Сүт қышқылды микроорганизмдер ашытуда және тағамның тағамдық қасиеттерін жақсартуда, сондай-ақ адам денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Зерттеу барысында бактериялардың әртүрлі түрлерін дәл анықтау үшін Кох сұйылту әдісі,Грам бояу әдісі, Штрихтап себу әдісі және микроскопиялық зерттеу әдістері қолданылды. Нәтижелер әртүрлі субстраттардағы сүт қышқылы микроорганизмдерінің әртүрлілігін және олардың органолептикалық қасиеттеріне және тағамды сақтауға әртүрлі әсерін көрсетті. Зерттеу нәтижесінде құрт өнімінен Lactobacillus helveticus бактерия түрі, сиыр қаймағы өнімінен Lactobacillus acidophilus бактерия түрі, айран өнімінен Streptococcus thermophilus бактерия түрі бөлініп алынды. Бұл жұмыс сүт қышқылы бактерияларының тамақ өнеркәсібі үшін де, өнімдердің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңыздылығын көрсетеді.