Abstract
Lactobacillus helveticus-сүт өнімдерін өндіруде кеңінен қолданылатын сүт қышқылы бактерияларының маңызды өкілі болып саналады. Бұл зерттеу жұмысы тамақ өнеркәсібінде қолдануды оңтайландыру мақсатында Lactobacillus helveticus таза дақылдарын алу технологиясын жасауға арналған. Зерттеу бактерияларды оқшаулау және өсіру әдістерін, соның ішінде бастапқы материалды таңдауды, инкубацияның оңтайлы жағдайларын және MRS агары, Lee агар, капусталы агар сияқты қоректік орталарды қарастырады. Lactobacillus helveticus қоректік орталарда өсіп олардың оқшаулауы қарастырылады. Микроорганизмдердің өсуі мен метаболикалық белсенділігіне әсер ететін параметрлерге ерекше назар аударылып, ерекшелігін толық қарастырады. Жұмыс нәтижелері сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ ашыту және биотехнология саласындағы жаңа технологияларды дамытуға ықпал етуі мүмкін. Бұл технологияның дамуы функционалды тағамдар мен пробиотиктерде Lactobacillus helveticus қолдану перспективаларын ашады.