Abstract
Мақалада келтірілген материалдар қазіргі жасөспірімдердің физикалық және психофизиологиялық денсаулығын спорт арқылы нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сонымен қатар ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, қоғам ортасында жасөспірімдердің жетістікке жету жолдарының көптеген мүмкіндіктері бар екендігі айтылған. Жасөспірімдер арасында спортта жетістікке жету үшін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау, яғни олардың жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Демек, озық дәстүрлерін қалпына келтіру жасөспірімдер арасында спортты дамытудың жаңа тиімді тетіктерін іздестіру, әртүрлі ортада жасөспірімдерді дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларына тарту маңызды міндеттер болып отыр. Спорттың жасөспірімдердің тұлғалық және кәсіби өсуіне ықпалы зор, сондықтан да спортқа мемлекет тарапынан барлық деңгейде қолдау көрсетіледі. Осыған байланысты жасөспірімдер арасында спортты дамыту қажеттілігін қарастырудың маңыздылығы арта түседі.