Abstract
Мақалада натрий дитиофосфатының марганец рудаларын байыту кезіндегі флотациялық қабілетіне жинағыш реагенттердің мөлшерінің әсері зерттелген. Қазіргі кезде минералды шикізаттарды байыту және өңдеу маңызды орын алады, себебі олардың құрамындағы пайдалы заттарды тиімді пайдалану үшін арнайы әдістер қолдану қажет. Жұмыста минералдарды физика-химиялық қасиеттері бойынша бөлу үшін кеңінен қолданылатын флотациялық процестерге баса назар аудара отырып, пайдалы қазбаларды байыту әдістері қарастырылады. Жұмыстың мақсаты - марганец кендерінің флотациялық қабілетіне натрий дитиофосфатының әртүрлі концентрациясының әсерін зерттеу және оның байыту процесінде тиімділігін бағалау. Зерттеу барысында әртүрлі реагенттерді қолдану арқылы флотация процесінің көрсеткіштері анықталды. Сонымен қоса, марганец рудаларының флотациялық процестері мен реагенттердің әсері талданды, соның ішінде натрий дитиофосфатының байытудағы рөлі мен оның тиімділігіне ерекше назар аударылды. Тәжірибелік бөлімде флотациялық процестердің әдістемесі және электромагниттік өріспен әсер ету арқылы байыту жолдары қарастырылған. Мақалада натрий дитиофосфатын және басқа реагенттерді қолдана отырып флотациялық тәжірибелер жүргізу, сондай-ақ байыту процесін жақсарту үшін электромагниттік өрісті қолдану ұсынылған. Флотациялық комплекс «флотореагент-бөлшек» поляризацияланады және бағыттаушы немесе қозғаушы күш болатын магнитті өрістің әсеріне ұшырайды. Бұл комплекс оң зарядталады, сондықтан теріс электродта разрядталады. Жұмыстың нәтижелері бойынша реагенттерді тұтынуды оңтайландыру соңғы өнімнің сапасын жақсарту және байыту шығындарын азайту арқылы флотация процесінің тиімділігін айтарлықтай арттыра алатынын көрсетеді. Электромагниттік өріс әсерінен байыту артықшылығы көпірткіш қосылмайды және флотореагенттің шығымы аз. Флотация процесіне қарағанда процесс ұзақтығы төменірек. Сондықтан байытудың бұл түрін қолдану экономикалық тұрғыдан тиімді.