Abstract
Мақалада ет өндірісінің жұмыс түріне қарай санитариялық өңейтін химиялық препараттардың дайындалу ерекшеліктері айтылған. Малды сою алдындағы тынықтыру базасы, сойыс алаңы, ет-май өндіру орындары, мұздатқыштар, етті қайта өңдеу өндірістік орындары, консерві дайындау және т.б. орындардың сызбасы берілген. Сапалы ет және ет өнімдерін алу мақсатында қабылданған малдарды союға дайындау, сою және ұшаны алғашқы өңдеуден өткізу кезіндегі барлық орындалатын санитариялық жұмыстардың технологиялық әдіс бойынша атқарылу мәселесі айтылған. Малды қабылдағаннан кейінгі союға әзірлеу, сою, ұшаны алғаш өңдеу, қосымша өнімдерін өңдеу және еттен алынатын өнімдер үшін тиісті технологиялық әдістерді дұрыс қолдану арқылы, технологиялық әдістер бойынша жасалынатын санитариялық дезинфекциялық өңдеу процестерінде химиялық препараттарды дайындау ерекшеліктеріне тоқталған. Ет өнеркәсібіндегі басты өндіріс орыны, негізгі өндіріс орындарын анықтау жайында барлық мәліметтер жинақталып айтылған. Және өнімдерді өңдеу технологиясы мен аспалы жолдар технологиялық ағынның топтасу тәсiлi өнiмдi есептеу процесiндегi өнiмнiң берiлiсiне және ауыр жүктердi цехаралық тасымалдауға негiзделген. Негiзгi қасиеттерi: қайта өңдеу процесi кезiнде өнiмнiң ластануы болмайды; қосымша қозғалмалы оперциясыз жан-жақтан өңдеу жағдайына ыңғайлы болуы; цехтарда талап етiлетiн санитарлы-гигиеналық жағдайларын қолдану мұмкiншiлiктерi қамтамасыз етiлуi; ветеринарлы-санитарлық бақылау талабына сәйкес өндірістік ғимараттар мен көрші кәсіпорындар аралығына санитарлық-қорғау аймағы орнатылуы қажеттігі айтылған. Мал өнімі түрлерін өңдеу орындарында ет сапасын арттыру мақсатындағы цех қуатын, ондағы пайдаланылатын қондырғылар, аспалы конвейерлер өнімділігі, жұмыс орындарының ұзындығы бойынша өлшемдері көрсетілген.