РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУДА ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.87.3.021
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Робототехниканы оқытуда зертханалық жұмыстарды орындауда көптеген құралдар пайдаланылады, бірақ оларды толық құрамда қамтамасыз ету құнының жоғарыболуына байланысты қиындықтудырады. Роботтарды құрастыру білім алушылардан көп уақыт бөлуді, тиянақтылық пен жауапкершілікті талап етеді. Виртуалды зертхана осы мәселелерді шешеді, білім алушыларды шабыттандырады және сабаққа деген ынтасын, қызығушылықтарын оятады. Tinker Cad және кейбір платформалардың жалпыға қолжетімді, қолдануға жеңіл тегін болуына байланысты зертханалық жұмысты толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді. Сол себепті, робототехниканы оқытуда виртуалды зертхананы қолданудың мүмкіндіктерін айқындау өзекті мәселе болып табылады. Зерттеуіміздің мақсаты -робототехниканы оқытуда виртуалды зертханаларды қолданудың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерінайқындау. Зерттеудің міндеттері виртуалды зертханалардың әр түрлі онлайн платформалары арасынан оқытуға тиімділерін талдау, робот құрастыруды моделдеуде қолдану жолдарын көрсету және ЖОО оқытушылары арасында робототехниканы оқытуда қолданудың қажеттілігінанықтау болып табылады. Мақалада робот құрастырудағы виртуалды зертханалар зерттелді, онлайн платформалардың арасынан робототехниканы оқытуға тиімдісін талдау бойынша Tinker Cad виртуалды зертханасының тиімділігі анықталды. Tinker Cad виртуалды зертханасын робот құрастырудымоделдеуде қолдану мысалы түсіндірілген. Бұл мысал есепте Tincer Cad виртуалды зертхана ортасында Arduino-ны қолдана отырып, бағдаршамның жарық диодтарын жағу тапсырмасы қарастырылған. Сонымен қатар, оқытушылар арасында робототехниканы оқытуда виртуалды зертханаларды қолданудың қажеттілігін, мүмкіндігін анықтау үшін жүргізілген сауалнаманың нәтижесі ұсынылған. Нәтижеге сәйкес Tincer Cad виртуалды зертханасында орындалатын жұмыстардың тиімділігі мысал арқылы көрсетіліп, виртуалды зертханалардың динамикалық және интерактивті сипаты оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тапсырмаларды шешудағдыларын дамытуға ықпал ететіндігі сауалнама нәтижесі арқылы дәлелденді.Зерттеу барысында сауалнама жүргізу, анализ, синтез, мәліметтерді интерпретациялау сияқты зерттеудің жалпыға ортақ әдістері қолданылды.Түйін сөздер:виртуалды зертхана, робототехника, модельденген тапсырмалар, білім алушылар.