Abstract
Мақалада өндірістік орында қол еңбегін барынша азайтуға, сондай-ақ штрихкодтарды қолдану және қолданылған кодтардың сапасын тексеру процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін паллет төсегішті басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірленді. Қолдану объектісі қораптарды паллетке салу, өнімді сақтау және одан әрі тасымалдау үшін қораптардан қажетті қабаттар санын қалыптастыру операциясын автоматтандыру болып табылады. Автоматтандыру процесінде мынадай әзірлемелер орындалды: ыдысты төсеуге арналған уақыт бойынша шығындар қысқартылды, ыдысты габариттерге тексеру блоктары енгізілді, штрихкодтарды қолдану функциясы қосылды, желі кодты басып шығару сапасын бақылау үшін құрылғылармен жабдықталды, құрылғы элементтерін орналастыру схемасы әзірленді, паллет төсегіш механизмдерін басқару үшін өнеркәсіптік контроллер таңдалды, басқару жүйесінің құрылымы әзірленді, жұмыс алгоритмі әзірленді.