DETERMINATION OF THE INFLUENCE OF PINE NUT HUMIDITY ON ITS CLIPPABILITY

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.55956/rqqt4151
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеуді жүргізу үшін балқарағай жаңғағы екі параллель панельдің арасына орналастырылды, олар жаңғақтың шағылуын бастау үшін қажетті шағылу күшін, деформациясын, қуатын және қаттылығын анықтады. Сынақтар жаңғақтың 5,4, 11,9, 19,1, 23,6 және 30,1% ылғалдылық мәндерінде және жаңғақ орналасуының екі түрінде (тік және көлденең) жүргізілді. Алғашқы жағдайда балқарағай жаңғағы тігінен орналастырылды, жаңғақтың үлкен осі жүктеу бағытына параллель болды. Келесі жағдайда көлденең жүктеу кезінде жаңғақтың үлкен осі жүктеу бағытына перпендикуляр болды. Жаңғақ пен ядроның физикалық сипаттамалары, яғни массасы, өлшемдері, орташа геометриялық диаметрі, сфералығы, сыртқы бетінің ауданы және қабықтың қалыңдығы анықталды. Балқарағай жаңғағының шағылуын бастау үшін қажетті күш жүктеменің тік және көлденең бағыттары ылғалдың жоғарылауымен 714,1-ден 220,3 Н-ға дейін және 521,4-тен 249,9 Н-ға дейін төмендеді. Сонда, шағылу орнындағы деформация және жаңғақ қабығын бөлуге қажетті қуат тік және көлденең бағытта жүктеме кезінде ылғалдың жоғарылауымен азайды деген тұжырымға келдік. Жаңғақ қаттылығының көрсеткіштері ылғалдылықтың жоғарылауымен төмендеді, және бұл төмендеу жүктеменің тік бағытында ылғал мөлшері 23,6% болғанға дейін жалғасты. Атап айтқанда, кез-келген ылғалдылықта көлденең бағытта жүктелген кезде ядролардың ыдырау үрдісі әрдайым байқалды. Нәтижелер балқарағай жаңғағын шағу үшін қолайлы машинаны жобалау кезінде инженерлердің пайдалануы үшін пайдалы деректер береді.