ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ЕНГІЗУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2024-65-4-50-57
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мемлекеттік басқару саласын жаңғыртудың жаһандық үрдісі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің ұлттық ресурстарды тиімді, нәтижелі және үнемді пайдалану бөлігінде трансформациялануына әкелді. Бүгінде экономикалық әдебиеттер мен әлемдік тәжірибеде «стратегиялық аудит» ұғымы салыстырмалы түрде кең таралды. Стратегиялық аудит негізінен елдің стратегиялық мақсаттарын, бюджет ресурстарын тиімді пайдалануды және ұзақ мерзімді даму жоспарларын бағалауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Қазақстанда стратегиялық аудит тұжырымдамасы заңнамалық деңгейде бекітілмеген. Мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарында стратегиялық аудит қаржылық бақылаудың дербес түрі ретінде де ерекшеленбейді. Дегенмен, стратегиялық аудитті INTOSAI елдерінің көпшілігі дербес жүргізетін жағдайлар да кездеседі. Еліміздегі мемлекеттік басқаруды дамытудың ұлттық мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізу мұқият жоспарлауды, тиімді іске асыру стратегияларын және оларды бағалау мен түзетудің сенімді тетіктерін талап етеді. Бұл мақалада дамудың ұлттық мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізудегі мемлекеттік стратегиялық аудиттің осы процестегі маңызды құрал ретіндегі рөлі қарастырылады. Осыған байланысты зерттеу стратегиялық аудиттің артықшылықтары мен шектеулерін талдауды, стратегиялық аудитті ұлттық даму мақсаттарымен байланыстырудың маңыздылығын түсінуді және стратегиялық жоспарлаудағы мониторинг пен бағалаудың маңыздылығын анықтай отырып, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің тәжірибесіне енгізу бойынша бірқатар аспектілерді анықтады.