Abstract
Бұл мақалада ауылдық туризмнің өңірлік деңгейдегі ауылдық туризмді басқарудың қазіргі жағдайы және дамытудың қазіргі таңдағы мәселелері қарастырылады. Ауылдық туризмді экономикалық тұрғыда зерттеу тұрғындардың жекеленген ауылдық елді мекендердің дамуына серпін береді. Халықтың табыс деңгейін арттырады. Жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Осылайша ауыл тұрғындарының қалаға көшіп-қонуын азайтады және жергілікті экономиканың жаңа нақты ұйымдастыруға ықпал етіп, ауылдық жерлердегі әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетеді. Сонымен қатар мүдделі тараптардың Қазақстан Республикасындағы ауыл туризміне қаражат құюға талапты қатынастары талданды. Сараптама жүргізу арқылы мүдделі тараптардың негізгі қызығушылықтары мен күтілетін нәтижелік пайдаларының көмегі анықталады. Жүргізілген талдау Қазақстан жағдайында ауылдық туризм бизнесін ұйымдастырудың жаңа желілік моделін үлгілеуге негіз қалайды. Ауылдық туризмді басқаруға және дамытуға ықпалды әсер ететін факторларды жалпылау тәсілімен PEST негіздеу, мүдделілік тараптардың қатынасын талдау арқылы жүргізілді. Әр түрлі стейкхолдерлердің Қазақстан Республикасындағы ауылдық туризмді қабылдауына талдау жүргізіліп, сауалнама әдісімен стейкхолдерлердің негізгі қажеттіліктері мен алдағы күтулері анықталған. Жүргізілген талдау Қазақстан жағдайында ауылдық туризмде бизнесті ұйымдастыру үшін желілік модельдің принципті маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынатын нәтижелер белгілі бір қауіп-қатерлерге және әлсіз жақтардың болуына қарамастан ауыл туризмінің бизнесін дамытуға оң әсері болатынын көрсетті. This article examines the current state of rural tourism management at the regional level and current development issues. The study of rural tourism at the economic level gives impetus to the development of individual rural settlements, increases the level of income of the population, stops migration from rural to urban by creating new jobs and reduces social tension in rural areas by organizing new specific sectors of the local economy. The attitude of various stakeholders towards rural tourism in the Republic of Kazakhstan was analyzed. Using a questionnaire, the main needs and expectations of stakeholders were identified. The analysis made it possible to determine the fundamental importance of the network model in organizing a rural tourism business in the conditions of Kazakhstan. A synthesis of the factors influencing rural tourism management was carried out in the form of PEST, stakeholder analysis and SNW. Using the survey method, the perception of rural tourism in the Republic of Kazakhstan by various stakeholders was analyzed, and the main needs and future expectations of stakeholders were identified. The analysis allows us to determine the fundamental importance of the network model for organizing a business in the field of rural tourism using the example of Kazakhstan. In addition, the results showed that, despite certain risks and disadvantages, rural tourism has a positive impact on business development.