МАҚТА ЕГУ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ АСҚЫНУЛАР

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2024.14.11.005
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі уақытта адам ағзасына әсер ететін күшті факторлардың бірі пестицидтер – қоршаған ортаға әдейі енгізілген химиялық заттардың ерекше тобы, олар белгілі бір жағдайларда денсаулықтың бұзылу қаупін арттырады. Қазақстан Республикасы қолайсыз экологиялық жағдайы бар өңір болып табылады, онда патогендік факторлардың бірі ксенобиотиктер, оның ішінде халық денсаулығына қолайсыз әсер ететін пестицидтер болып табылады. Зерттеудің мақсаты – мақта егетін аймақта тұратын жүкті әйелдердегі кездесетін асқынулар жиілігін анықтау. Материалдар мен әдістерi: Қарау және салыстыру үшін жүкті әйелдерден екі бақылау тобын таңдадық. Бірінші бақылау тобына 19 бен 40 жас аралығындағы босанатын 80 әйел кірді. Олар мақта аймағында тұратын 212 жүкті әйелдің арасынан таңдалды. Екінші бақылау топқа 19 бен 41 жас аралығындағы 86 босанушы әйелдер кірді. Бұл жүкті әйелдер 225 жүкті әйелдің арасынан таңдалды. Нәтижелерi: I бақылау тобында жүктілікке байланысты асқынулар 64 (80%) болса , 16 (20%) жүктілік асқынусыз өтті. Зерттеуімізде келесі асқынулар байқалды: Жалпы токсикоз – 32 (50%), оның ішінде ерте токсикоз – 20 (52,6%) және кеш токсикоз – 12 (47, 40%); кольпит – 6(9, 34%), түсік тастау қаупі – 4(6,25%), гестациялық гипертензия – 4 (6,25%),іш қату –3(4,7%), дамымаған жүктілік – 3 (4,7%), амниотикалық сұйықтықтың ерте кетуі – 3 (4,7%), гестациялық пиелонефрит – 3 (4,7%), протеинурия – 2 (3,12%), ісіну – 2 (3,12%) , преэклампсия – 2 (3,12%). Нәрестелердің өлі туулыуы байқалмады. II бақылау тобында 86 әйелдің 35-(40,3%)-ында жүктілікке байланысты асқынулар, 51-інде (59,7%) асқынусыз жүктілік болған. Келесі асқынулар байқалды: токсикоз – 15 (42,85%), оның ішінде ерте токсикоз – 10 (66,66%) және кеш токсикоз 5 (33.34%) , түсік тастау – 7 (20%), кольпит – 6 (17,15%), гестациялық гипертензия – 1 (2,86%), ісіну – 4 (11,43%), протеинурия – 2 (5,71%). Нәрестелердің өлі туулыуы байқалмады. Қорытынды: Пестицидтер қоймалары мен агроөнеркәсіптік ұшу-қону жолақтарының жанында тұратын жүкті әйелдер, босану санына қарамастан, қауіп тобына қосылуы керек. Сонымен қатар, егер тексеру кезінде әйелде клиникалық көріністерді күтпестен хлорорганикалық пестицидтер табылса, алдын-алу шаралары мен емделу жүргізу керек.