ҰШУ АППАРАТЫНЫҢ ҚОНУ ҮРДІСІН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУДЫҢ ГИБРИДТІ АЛГОРИТМДЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-133-4-211-222
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада модельдеуге негізделген контроллерлердің салыстырмалы талдауы ұсынылған: ұшу аппаратының сызықтандырылған моделі үшін классикалық пропорционалды-интегралды-дифференциалды (PID), сызықты-квадратты реттегіш (LQR) және гибридті (P-LQR, PD-LQR, PID-LQR) оңтайлы контроллерлер. Күйлер кеңістігіндегі модель әзірленді, кейін ол ұшу аппаратының автоматтандырылған басқару алгоритмдерін модельдеу үшін қолданылады. PID контроллері жалпы басқару циклінің кері байланыс механизмі болып табылады және классикалық басқару теориясының стандартты басқару құрылымдары ретінде қарастырылады. LQR - күйдің сызықты кері байланысы немесе шығыс кері байланысы бар тұйық контурлы оңтайлы басқаруға негізделген оңтайлы басқару тәсілі. Пропорционалды-интегралдық-дифференциалды (PID) және сызықтық-квадраттық (LQR) реттегіштермен қатар гибридті реттегіштер басқарудың оңтайлы реттегіші болып табылады, жүйенің тегіс және тұрақты жауабын көрсетеді, сонымен жүйенің жалпы сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді.