ТАРИХ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ ТӘЖІРБИЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ «ІС-ӘРЕКЕТТІ ЗЕРТТЕУ» (ACTION RESEARCH) ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.020
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Заманауи мұғалім өз іс-әрекетіне рефлексия жасауы міндетті және оқушылардың білім сапасына терең талдау жасауы қажет. Оқушылармен жұмыс жасауда, жүйелі түрде сабақтарды жоспарлау мен өткізуде кедергі болатын факторларды түсініп, келесіде болдырмаудың жолдарын қарастыруы шарт, әйтпесе кәсіби жетілу қиын. Кәсіби қоғамдастықта жұмыс істеу арқылы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің өзара әрекеттесуін, жалпы стратегияларды таңдауды, олардың оқушылармен жұмысын-дағы тиімділігін зерттеуді қамтиды және "іс-әрекеттегі зерттеу"стратегиясы арқылы жүзеге асырылады.Іс-әрекеттегі зерттеуде мұғалім сыныптағы жағдайды зерттеп, оған қатысты гипотеза жасайды. Белгілі бір ситуацияның болу себебін анықтау үшін, жағдаятты жан-жақты бақылау керек. Бұндай бақылау белгілі бір қорытынды жасауға алып келеді. Жүйелі зерттеу тәжірибемізді өзгертуге, анықталған жағдаятты басқаша жасауға рефлекцияны дамытады. Іс-әрекеттегі зерттеу -Action research –Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында бірізді, тізбектелген,жоспарланған іс-әрекеттерді орындауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс. Іс-әрекеттегі рефлекция-алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту мен оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы мұқият ойлану үдерісі.Сабақтың тиімді жоспарлануы, оқушылардың жас ерекшелігін есере отырып қолданылатын білім беру ресурстары мен әдіс-тәсілдер, білім алушыларды ынталандыра алатын нәтижеге бағыттайтын бағалау құралдарының тиімді жүзеге асырылуының нәтижесі оқушылардың білім сапасының өсуімен тығыз байланысты үдеріс. Тізбектелген сабақтар барысындағы әріптестердің конструктивті кері байланыстарын ескере отырып, алдыңғы сабақтарда орын алған олқылықтардың болдырмау арқылы мұғалім өзі де кәсіби тұрғыда дамиды. Осы үдерістердің барлығы дерлік Іс-әрекетті зерттеу стратегия-сының дұрыс әрі нақты жүзеге асырылуының қорытынды нәтижесі болып табылады.