ҚАЗАҚСТАНҒАЖЕР АУДАРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ, СТАЛИН ДӘУІРІНІҢ ШЫНДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ (ПОЛЯКТАР МЫСАЛЫНДА)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде бұрын зерттелмей, ғылыми айналымға ене қоймаған немесе бөлшектеп қаралған тақырыптарды зерттеу қолға алынды. Сондай тақырыптардың қатарына Совет елінде өткен ғасырдың 30-50 жылдары жер аударылған халықтардың тарихи, тағдыры мен күнделікті өмірітуралы тақырыптарды зерттеу қолға алынды.Осындай тағдырдың ауыр тауқыметін бастарынан өткізген ұлттардың ішінде поляктар да болды. Республикамызға жер аударылған поляктар туралы зерттеулер ауқымды болғанымен, олардың әлеуметтік жағдайы мен деформациясы және күнделікті өмірдегі жағдайы толық зерттелмеген.Сонымен қатар мақалада арнайы контингенттің қоныс аударуы, шаруашашылық және және еңбек тәртібі, әлеуметтік жағдайы, өндірістік және қоғамдық орындардағы жұмыс мәселелері қарастырылған. Жер аударылған поляктардың жұмыс күші арнайы қоныстанған жерлерде өмір сүруі мен бейімделуінің факторы болды.Мақалада алға қойған басты мақсат Қазақстанға жер аударылған поляктардың күнделікті өмірі Сталин дәуірінің шындықтарының бірі ретінде қарастыру. Поляктар Қазақстанаумағына жер аударылған халық-тардың басым көпшілігін құрады және олардың жағдайы ауыр болды. Отанына қайтқанша аштық, түрлі індеттер, азапты ауыр еңбек, кеңес азаматтығын қабылдаудан (1943ж.) бас тартқандары репресияға ұшырап, қамауға алынған поляктар жер аударылған басқадай ұлттар сияқты ауыр күндерді бастарынан өткерді. Мақалада Қазақстан аумағына жер аударылған поляктарды қоныстандырылған жерде бейімделудегі күнделікті өмірі мен ауыр тұрмыс тіршілігі туралы ғылыми зерттеулер, поляк азаматтары мен олардың ұрпақтарының естеліктері, баспасөз беттеріндегі және архив материалдары негізінде талдау жасалды.