ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫ ЖӘНЕ Ж. ШАМҰРАТОВАНЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ДЕТЕКТИВТІК ДИСКУРС

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss3pp193-204
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада детектив шығармалардың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері мен әлем әдебиетіндегі орны зерделеніп, қазіргі қазақ әдебиетінде детектив жанрында қалам тартып жүрген қаламгер Жадыра Шамұратованың әңгімелеріне талдау жасалады. Детектив – әлемдегі көп оқырманның жүрегін жаулап алған әдебиеттегі ең қызықты және танымал жанрлардың бірі. Бұл жанр – қиял мен жұмбақ, интригалар мен дәлелдерді жасау өнері. Детективтік шығармалардың басы-қасында әдетте жұмбақ оқиғаларды, қылмыстарды тергеу орын алады. «Бұл әрекетті кім жасады, не үшін жасады?» деген сұраққа жауап іздеу арқылы шындыққа жетеді, ал оқырман басты кейіпкерлермен бірге жалған дәлелдер мен түсініксіз мотивтердің әлеміне енеді. Басты кейіпкер сезімге ерік беруші емес, түйсігі, логикасы, аналитикалық ойлауы ерекше дамыған тұлға ретінде бейнеленеді. Мақалада детективтік дискурс – бұл автор мен оқырман арасындағы көркемдік өзара әрекеттесуге, тұлғаға бағытталған қарым-қатынастың бір түрі екендігі баса айтылған. Бұл өзара әрекеттесудің мақсаттары психологиялық тұрғыдан бастап оқырманның эстетикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға дейін жүзеге асады. Жақсылық пен жамандық сияқты адамгершіліктің негізгі категорияларына жүгіну, сондай-ақ қылмыс құпиясының қызықты ашылуына әкелетін фактілерді логикалық талдау детектив жанры аясында оқырман әлемінің көркем бейнесін қалыптастырудың маңызды элементтеріне айналады. Жазушы Жадыра Шамұратованың детективтік жанрда жазылған «Сен бүгін ерекше әдемісің!», «Әдемі қолшатырлар», «Кімнің ісі» әңгімелерін схемалық үлгіге салып талдау арқылы автордың ерекше стилі мен шеберлігін айқындауға талпыныс жасалады. Детективтік әңгімелерді талдаудашетелдік әдебиеттанушылардың да көзқарастары мен тұжырымдары басшылыққа алынады.