Білім экономикалық санат ретінде: эволюцияны талдау

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ec3/194-202
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақсаты: Экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып келген, әр өркениетті елдің дамуында маңызды, экономика мен білім арасындағы байланыстың эволюциясын талдау. Әдісі: Талдау жүргізу үшін шетел зерттеушілерінің жариялымдардағы еңбектері пайдаланылған. Талдау бибилиометриялық жүйелерді визуализациялауға арналған VOSviewer бағдарламалық құралы көмегімен жасалды. Ғылыми қызғушылық пәні ретінде «білім саласы» және «экономика» негізгі сөздері кездескен жариялымдар алынды. Ол ғылыми библиометриялық картталарды зерттей отырып, зияткерлік талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Қорытынды: Талдау нәтижесінде, екі ұғымның арасындағы мәселен, байланыстың тығыздығы анықталды, сонымен қатар кластерлік талдаудың нәтижесінде құрылымдары анықталды. Бұл ретте әр кезеңдердегі талдауға алынған ұғымдардың өзгерісі: нақты айтқанда қалыптасу кезеңінен бастап, сондай ақ, заманауй аспектілердің әсерінен түрленуі нақтыланды. Алайда, тарихи өзгерісті талдауда ертеректе негізгі ұғымның сипатының адами капитал болса, заманауи аспектілер инвестиция, біліктілік, табыстылықты қамтитын сипаттарға ауысқанын көрсетті. Кейінгі зерттеулер цифровизациялау төңірегіне көшкені байқалады. Тұжырымдама: Жүргізілген талдау нәтижесінде: білім, өндірістің өнімділігін арттырып, инновацияларды ынталандырып және капиталды дамыта отырып, экономикалық өсудің негізі факторлардың бірі болып табылады. Алайда, заманауй талаптарға сәйкес, жоғары табысты болу үшін жұмыс күшін қажетті дағдылар мен сондай ақ біліммен қамтамасыз етуіне қажеттілі анықталған.