Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы «жүрек» лексемасымен берілген фразеологизмдердің түрік тіліне аударылу ерекшеліктері

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph3/149-159
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары халықтардың мәдениетінің жарқын көрінісі болып саналатын фразеологизмдерге деген қызығушылықтың ерекше артуына байланысты әр түрлі тілдердің фразеологиялық қорын салғастыра-салыстыра зерттеп-зерделеу мәселесі лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені, кез келген халықтың фразеологиялық қорында ол халықтың дүниетанымы, менталитеті, мәдениеті, фольклоры, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары т.б. айқын көрініс табады. Осы орайда, мақалада Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы «жүрек» лексемасымен берілген фразеологизмдердің түрік тіліне аударылу ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу жұмысының басты мақсаты «Үркер» романындағы «жүрек» лексемасы ұйытқы болатын тұрақты тіркестердің танымдық және семантикалық табиғатын ашып, олардың түрік тіліне аударылу ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу материалы ретінде романдағы «жүрек» сөзімен берілген 81 соматикалық фразеологизм іріктеліп, олардың түрік тіліне аударылу тәсілдері талданды. Сондай-ақ, авторлар тарапынан «жүрек» лексемасы тірек компонент болатын фразеолгизмдерді түрік тіліне аудару нұсқалары ұсынылған және туыстас қазақ және түрік тілдерінің фразеологиялық қорындағы «жүрек» лексемасының қолданылу аясына қатысты тұжырымдар жасалған.