БҰЛТТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, АЛДЫҢҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-132-3-273-282
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұлтты есептеулер пайдаланушылар тарапынан тікелей басқарусыз, талап бойынша деректер қоймалары мен есептеу қуаттары сияқты желілік ресурстарға қол жеткізу құралдарын білдіреді. Қазіргі уақытта компаниялар клиенттерге интернет арқылы бірыңғай платформа ұсынатын мемлекеттік және жеке деректерді өңдеу орталықтарын пайдаланады. Сонымен қатар, бұлтты қызметтерді оңтайландыру үшін есептеулер мен ақпаратты сақтауды соңғы пайдаланушыларға жақындатуға мүмкіндік беретін перифериялық есептеулер (edge computing) белсенді қолданылады. Алайда, бұлтты есептеулерді пайдалануда клиенттер үшін қауіптер мен осалдықтарға байланысты киберқауіпсіздік проблемалары туындайды. Бұл мақалада бұлтты есептеулер мен бұлтты қызметтердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ғылыми жарияланымдарға талдау нәтижелері көрсетілген.