БАЛҚАН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҮРКИЗМДЕРГЕ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp9-20
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Балқан тілдеріндегі түркі лексикалық элементтерін зерттеу қажеттілігі шет тілдерден алынған кірме сөздермен байланысты зерттеулердің аздығына байланысты. Бұл жұмыстың мақсаты – түркі сөздер ұғымына анықтама беру, түркі сөздердің (тюркизмдер) шығу тегі мен тарихын зерттеу. Жұмыста түркі сөздердің тілден тілге ауысуын зерттеуде бірге қолданылған мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, талдау және салыстыру әдістері, сонымен қатар салыстырмалы-тарихи және танымдық әдістер қолданылды. Балқан халықтарының тілдеріндегі түркі тілдерінен алынған кірме сөздеріне қатысты теориялық аспектілер зерттеліп, басқа авторлардың зерттеу нәтижелеріне және олар жасаған тұжырымдарға назар аударылды. Болашақта бұл еңбекті түркі және балқан халықтарының ұлттық ерекшеліктерін зерттеуде тіл білімінің түркітану, әлеуметтік лингвистика және лингвомәдениеттану сияқты салаларында пайдалануға болады.