БАЛАЛЫҚ ШАҚ: ДЕРБЕС САНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp123-131
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Балалық шақ – адам баласының айнала қоршаған дүниені тани бастайтын кезеңі. Бұл адам өмірінің белгілі бір даму уақыты ғана емес, әр дәуірдегі, әр ұлт өкілдерінің әр текті әлеуметтік, мәдени, қоғамдық жағдай аясында қалыптасатын, ұлттың, халықтың келбетін, болашағын айқындайтын шақ. Әлеуметтанушылардың айтуынша, балалық шақ табиғи түрде өзінің болмысын жетілдіріп, қоғаммен белсенді қарым-қатынасқа түсіп отыратын қоғамның бір бөлігі. Балалық шақ - тарихтың өтуімен, әр түрлі мәдени-әлеуметтік аспектілерде ауысып отыратын құбылыс. Бұл кезең әлем халықтары әдебиетінде көптеген көркем туындыларға арқау болды. Мақаланың мақсаты - бала бейнесінің шындық өмірден алынып, көркем туындыдағы әлемге көшу арқылы қаламгердің өмір шындығын әлеуметтік орта мен дәуірге сай таңдап, саралану нысанын ашу. Сол арқылы көркем шығармадағы бала бейнесінен дербес тұлғаға биіктейтін толыққанды бейненің жасалуы жинақталады. Зерттеу нәтижесінде балалық кезеңде әлеуметтік ортаға бейімделе бастаған баланың белгілі бір өмір қағидаттарын, білім мен құндылыққа тиісті дағдыларды игеріп, жетілген тұлға болмысына айналу тәсілдері айқындалады. Ендеше, бала кейіпкер - әдеби шығарма кеңістігінде үнемі жетіліп отыратын динамикалы бейнеге айналады.