Кәрі (қары) жіліктің қорғаныс күшіне байланысты наным-сенімдер (Сарыарқа өңірінің этнографиялық материалдары негізінде)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024hph2/187-195
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ халқының мәдениетінде оның наным-сенімі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі маңызды орын алады. Олар халықтың өткен тарихымен де, оның бүгінгісі және болашағымен де тығыз байланысты. Мыңжылдықтар бойында дамып келе жатқан осы мәдени мұра, этнос дүниетанымының тұтас жүйесі мен қоршаған ортамен өзара әрекеттесу амалдарын ұсынады. Қазіргі уақытта жаһандану, ғылыми дүниетанымның таралуына қарамастан, этникалық құндылықтар дәстүрлі мәдениеттің көптеген салаларында сақталуда. Сонымен қатар, қазақ даласында бірнеше ғасыр бойында ислам басты дін ретінде таралғанымен, халық арасында дәстүрлі дүниетаным өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бүгінгі таңда елдің әр аймағында ертеден қалыптасқан дәстүрлерді сақтаушылар, жалғастырушылар бар. Олар туралы мәліметтерді жинау және насихаттаудың маңыздылығы жоғары. Мақалада авторлар этникалық құндылықтардың қазіргі уақыттағы сақталу жағдайын кәрі (қары) жілікке байланысты наным-сенімдер мысалында қарастырады. Басты дерек ретінде 2021-2022 жылдары Сарыарқа өңірінде жүргізілген этнографиялық экспедициясының материалдары алынды.