АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-08
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Абайдың әдеби мектебі – қазақ әдебиетінде жаңашыл дәстүр әкелген, ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық байланысты дамытқан өнер мектебі. Сол арқылы ақын ізбасарларының әдебиеттегі орны айқындалды. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің аудармаға ден қоюы да тікелей ұстазының бағыт-бағдар беруімен жүргізілгені анық. Қазақ сахарасы алғаш рет Абай аудармалары арқылы орыс және батыс ақындарымен таныса бастаса, ақын шәкірттері осы дәстүрді жалғастырды. Мақалада Абайдың әдеби мектеп өкілдерінің көркем аудармаларына сараптама жұмысы жүргізілген. Абайдың көркем аударма жасауда көрсеткен үлгісі, аударма мәтіндердің көркемдік ерекшеліктері зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде қарастырылған. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, диахроникалық талдау, идеографиялық зерттеу, сандық-сапалық контент анализ, библиографиялық параллель тәсілдері қолданылды. Абайдың «Евгений Онегин», Уәйіс Шондыбайұлының «Иванушка-дурачок», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Дубровский», Турағұл Абайұлының «Челкаш» сынды көркем аударма мәтіндеріне түпнұсқамен салыстырмалы талдау жасалып, зерттеу нәтижесінде «Иванушка-дурачок» поэмасының түпнұсқа авторы анықталып, Абайдың әдеби мектебі қазақ аударма саласының іргетасын қалаған алғашқы аударма мектебі ретінде нақтыланды. Сондай-ақ, Шәкәрім-Толстой шығармаларындағы рухани үндестік айқындалып, Турағұл Абайұлы аудармаларының көркемдік ерекшеліктері сараланды және Абайдың ақындық мектебі өкілі ретінде Жақын Садырбаевтың өмірі мен шығармашылығына, көркем аудармаларына қатысты тың мәліметтер ғылыми айналымға енді.