Аннотация
Бұл мақалада биологияны оқытуда экологиялық проблемаларды зерттеу кезінде ӨЕШТ технологиясын қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Қазіргі əлем ауа мен судың ластануы, биоəртүрліліктің жоғалуы жəне климаттың өзгеруі сияқты əртүрлі экологиялық мəселелерге тап болады. Бұл мəселелерді зерттеу жəне түсіну білім берудің маңызды бөлігі болып табылады, əсіресе биология саласында. Соңғы жылдары студенттерге экологиялық мəселелерді жақсы түсінуге жəне талдауға көмектесетін тиімді технологиялар биологияны оқытуда үлкен рөл атқара бастады. Зерттеудің мақсаты – білім беруде ӨЕШТ пайдаланудың негізгі бағыттары мен идеяларын анықтау, сондай-ақ олардың ғылыми жəне практикалық маңыздылығын бағалау.