Қазіргі әлемдік әлеуметтік лингвистиканың проблемалары

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-137-4-22-31
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

. Мақалада әлеуметтік лингвистиканың өзекті деген бірнеше пробемаларытүрлі елдердегі тілдік тәжірибелер бойынша талданып қарастырылады. Мақалада солардың ішінде әсіресе әлеуметтік лингвистикалық категория ретінде қарастырылатынмемлекеттік (ресми) тіл мәселесі арнайы сөз болады. Бұл мәселе, біріншеден, талап пенміндет және екіншіден, тілге қатысты жауапкершілікті белгілеу тұрғысынан қарастырыла отырып, Балтық жағалауы елдері, Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан,Тәжікстан, Ресей тағы басқа елдердің тіл саясатының ұстанымдары мысал ретіндеберіледі. Одан әрі тіл құрылысы, тілдік ахуал мәселелері талданады. Олар АҚШ-тағыәдеби тілі стандартын ағылшын тілділерге жатпайтындарға, сондай-ақ имигранттарға меңгерту проблемасымен байланысты қаралатындығы тарқатылып айтылады.Ал Германия мен Францияда иммигрант жұмысшылардың тілдік бейімделуі туралышиеленіскен мәселені әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер арқылы шешудің жолғақойылғаны баяндалады. Мұнан кейін кеңестік әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің өзге халықтарды «орыстандыру» бағытын ұстанғандығы туралы сөз қозғалады.Осы кеңестік әлеуметтік лингвистиканың жалғасы болып табылатын қазіргі ресейлікәлеуметтік лингвистиканың қазіргі зерттеулеріне шолулар жасалады. Мақала авторлары еліміздегі тілдік ахуал мәселесін әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеумен оған тиісті ғылыми баға беруде кеңестік замандағы, сондай-ақ қазіргі социолингвист-ғалмдардың ұстанымдарын үлгі етуге болатыны туралы тұжырым жасайды.