ЛОГ ФАЙЛДАРЫН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА ПРОЦЕСТЕР МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АЛГОРИТМІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-128-5-232-240
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Білім беру саласындағы деректерді интеллектуалды талдау (ДИТ) технологиялары мен әдістері, оның ішінде білім алушылардың цифрлық іздерін (ЦІ) талдау негізінде студенттердің іс-әрекеттерін талдауға үлкен мүмкіндіктер беретіні көрсетілген. Сонымен қатар, білім алушылардың ЦІ қашықтықтан оқыту режимінде жұмыс кезінде де, аралас оқыту кезінде де қалыптасады. ЦІ-ге қатысты ДИТ әдістерін қолдана отырып, белгілі бір пән бойынша оқытушы үшін де, оқу орнының менеджменті үшін де пайдалы ақпарат алуға болады. Мұндай ақпарат, мысалы, оқу орнының цифрлық білім беру ортасының (ЦББО) жұмыс істеудің келесі аспектілеріне қатысты болуы мүмкін: оқушының оқу стилі; жеке қалауы; белгілі бір тапсырманы орындауға бөлінген уақыт мөлшері; және т. б. Сайып келгенде, мұндай ақпарат білім алушының үлгерімі туралы дәлірек болжам жасауға ықпал етеді және оқу процесінің тиімділігін арттыру бойынша дәлелді ұсыныстар бере алады. Біздің жұмысымызда ЦББО-да логтарды талдау негізінде ЦББО-да процесс моделін құру алгоритмі ұсынылған. Алгоритм ЦББО-дағы белгілі бір процесті процестің негізгі элементтерінің иерархиясы ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл алгоритм процестің иерархиясын құру барысында қосымша деректердің болуын ескеруге мүмкіндік береді. Ұсынылған алгоритмді практикалық қолдану саласы - университеттің ЦББО-дағы процестерді интеллектуалды талдау әдістері.