Аннотация
Data-жуpнaлиcтикасы – бүгінгі қазақ журналистика теориясында тамтұмдап, енді ғана қана қарастырылып, зерттеліп отырған сала. Ол заманауижурналистикада өз заңдылығы мен алатын орны бар, әлемдік феномен ретінде пайдаболып отыр. Зерттеудің жаңа саласы хақында қазақ тілінде теориялық негіз,жүйеленген бағыт-бағдар тым аз. Осы мақсатта ғылыми мақалада әлемдік теориялықұстанымдарды алға тарта отырып, отандық журналистикадағы журналистшығармашылығындағы визуализациялық шеберліктің рөліне, ашық деректерменжұмыс істей алуы мен сараптамалық әдіс-тәсіліне талдау жасалады. Шетелдік dataжурналистер еңбегін еліміздің бүгінгі тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты дәйек,ой айтылады.Сондай-ақ, автор ғылыми мақалада data-журналистикадағы статистикалық мәліметпен журналистің ақпарат берудегі әдісіне, оны аудиторияға таратудағы ұтымдыжолдарына барынша баға береді.