Абай шығармаларындағы Эго, Өздік/Self/Самость архетипі (Абай өлеңдеріндегі «көңілдің» мифопоэтикалық сипаты)

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2021ph4/98-103
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада К. Юнгтің Эго, Өздік /Самость/ Self архетипінің мәні, ұжымдық бейсаналықтың бір түрі болып саналатындығы зерттелді. Эго мен Өздік ақыл-ойдың үйлесім табуы адамның саналы өмір сүруіне негіз болса, ал Эгоның адамның Өздік ақылына бағынбай алға шығуы мен мендік, өзін-өзі пір тұту, атаққұмарлық, билікқұмарлық сияқты түрлі құмарлыққа салынуына жеткізетіні К. Юнг еңбектерін талдау барысында айқындалды. Абай шығармаларындағы Эго, Self архетипінің көрінісі мифопоэтикалық сипатқа ие екені ақын өлеңдерін талдау барысында анықталды. Сонымен қатар, әдебиеттану ғылымында миф, мифология және мифопоэтиканың өзіндік ерекшелігі және айырмашылығы зерттеуші ғалымдар еңбектерінде сараланды. Мифопоэтиканы зерттеген Г.А. Токарева, С.М. Телегин еңбектеріндегі ғажайып образдардың табиғатындағы мифопоэтиканы көркем шығармадан анықтаудың жолдары мен тәсілдері қарастырылды. Абай шығармаларындағы «көңіл» ұғымының сан түрлі құбылған бейнесін зерттеу арқылы ақынның Эгосын тануға мүмкіндік туды.