ТІЛ МЕН ТАНЫМНЫҢ БЕЙВЕРБАЛДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/yzoc5058
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Шешендік сөздерде адамдар өз ойын тілдік таңбалар арқылы ғана емес, тілдік емес таңбалар арқылы да бейнелі жеткізе алады. Мақалада шешендік сөздердегі дискурска қатысатын би-шешендердің ішкі ойын сыртқа шығарудағы тілдік таңбалардың (ым, ишара т.б.) біртұтас экспрессивті жиынтығы нақты мысалдармен дәлелденген. Вербалды емес коммуникация тек қана тәндік құрылымға тән екендігі анықталды. Тренд-біз сөйлеу кезінде жасай алатын ым-ишарадан гөрі не айтатынымызды көбірек ойланатынды көрсетті. Вербалды емес тіл әдетте субьект білдіргісі келмеген эмоцияларды білдіреді. Біздің денеміздің тілі арқылы адамдардың эмоциялары тікелей көрініс формасы болып табылады. Дене тілі санананың жоғары деңгейлерінен өте беремейді және олар біздің бақылауымыздан тыс жүріп жатады. Ым тілі Махмут Қашқаридің сөздігінде ең алғаш соғыстың құпия кілті ретінде қолданылғаны айтылған. Бұл – үдерістің ізін әдебиеттерді шолып қарастырғанда одан әрі жалғасқанын байқауға болады. Шешендік сөздер кинесикалық – сөйлеушінің ым-ишарасы тілдік емес таңбалар арқылы да бейнелі жеткізген. Шешендер (даугерлер, талапкерлер т.б.) өздерінің ішкі ойын ым-ишара арқылы сыртқа шығарған. Жақтырмаған жағдайда да паралингвистикалық құралдарды пайдаланған, қосымша стилистикалық реңк берген. Көмекші құрал ретінде түрлі ұлттық негізі бар заттарды да қолданған. Шешендік сөздердегі паралингвистикалық амалдар сөйлеу үдерісін әр тармақта түсіндіріп, нақтылап, оның мәнін ашуда таптырмас негізгі құрал болып табылады. Шешендік сөздерге әлеуметтік қоғамның барлық мүшелері тіпті, жас балаларға дейін қатысқан. Қортындылай келе, ауызша емес қарым – қатынас та Ұлы дала дискуссиясының ең тиімді жолдары болып табылатыны байқалды.