БҰЛТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ СЕРВИСТЕРІНЕ ЖҮКТЕМЕНІ БӨЛУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-127-4-207-217
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу барысында университеттің бұлтты инфрақұрылым қызметтеріне жүктемені бөлу жүйесі жасалды. Рython3, Google Cloud SDK, RabbitMQ, Docker сияқты технологияларды қолдана отырып, жүктемені динамикалық теңестірудің модификацияланған әдісі негіз болып алынды. Жүктемені бөлу жүйесін бағдарламалық іске асыру үшін университеттің бұлтқа бағытталған цифрлық білім беру ортасына (ББЦББО) масштабтау арқылы жүктемені динамикалық теңестірудің модификацияланған әдісі қолданылды. Бұл ББЦББО әкімшілеріне әрбір RabbitMQ кезегіндегі тапсырмалар санын талдауға және есепке алуға мүмкіндік берді, бұл ББЦББО өнімділігін арттырады. Жұмыстың негізгі кезеңдерін және пайдаланушы белгілеген параметрлерді ескере отырып, жүктемені теңестірудің модификацияланған әдісін қолдану бойынша жүргізілген зерттеулер бұл тәсіл тұтастай алғанда ББЦББО өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетті.