ТАРТҚЫШ ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51775/27900886_2023_61_2_5
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада реттелетін электр жетегінің оңтайлы жүйелерін анықтау мен құру мәселелері қарастырылады, басқару тиімділігі оның жұмыс режимдерінің тұрақтылығы үшін реттеу тізбектерін оңтайлы күйге келтірумен байланысты, мұнда зерттелетін объектіні математикалық модельдеуде қолданылатын бөліктердің жеткілікті санын анықтау мәселесі өзекті болып табылады. Жұмыстың мақсаты өтпелі процестерді зерттеу және олардың статикалық және динамикалық көрсеткіштеріне жүктеменің әсерін талдау болып табылады. Демек, MATLAB Simulink бағдарламасын құрал ретінде пайдалану оны синтездеудің және кешенді талдаудың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік берді, сонымен қатар алынған статикалық және динамикалық сипаттамалардың нәтижелерін жүйелеп, есептеулердің теңдігін, электр жетегі жүйесінің дұрыс анықталған параметрлерін және оны кейіннен оңтайландырудың функционалдығын растады. Жұмыста математикалық және имитациялық модельдер ұсынылған. Зерттеу барысында электромеханикалық энергияны түрлендірудің динамикалық процестерін сипаттауда қолданылатын әдістер, электр машиналарының математикалық теориялары, MATLAB Simulink модельдеу ортасында математикалық модельдеу және бағдарламалау қолданылды, функционалдық сұлба элементтері есептелді және таңдау жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде электрлік дифференциалды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реттелетін электржетегінің имитациялық моделі талданды. Алынған имитациялық модельдер эксперименттік қозғалтқыш жасаған сипаттамаларды бағалауға мүмкіндік береді