Объективное и стимулирующее к успеху оценивание качества знаний обучающихся

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2023-3-97-108
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада білім сапасын төмендеуі сұрақтары, сондай-ақ білім алушылардың білімін объективті бағалауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Бұл зерттеу оның ағымдағы кемшіліктерін анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының мектептеріндегі бағалау жүйесін талдауға бағытталған. Негізгі ұсыныстардың бірі – материалды игерудің әртүрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқу мақсаттары мен білім сапасын дәлірек ескеретін критериалды бағалау жүйесіне көшу. Зерттеудің мақсаты бағалау жүйесіне «құру» деңгейін енгізу үшін Блум таксономиясын өзгертудің маңыздылығын талдау және негіздеу болып табылады, бұл цифрландыру мен STEM тәсілдерін қоса алғанда, білім берудің заманауи талаптарына сәйкес оқушылардың шығармашылық ойлауы мен инженерлік-технологиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Алайда, зерттеуде анықталған негізгі шектеулердің бірі – модификацияланған Блум таксономиясына сәйкес келетін көп деңгейлі бақылау-өлшеу материалдарының болмауы. Бұл оқу мақсаттары мен бағалау әдістері арасындағы сәйкессіздікке әкеледі. Нәтижесінде, зерттеу бағалау жүйесінің материалды игеру деңгейімен және оқытудың тиісті мақсаттарымен байланысының маңыздылығына, сондай-ақ шығармашылық ойлауды дамытуға және ынталандыруға ықпал ететін арнайы бақылау материалдарын әзірлеу қажеттілігіне баса назар аударады.