PROMISING TECHNOLOGIES OF STYRENE PRODUCTION

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/chchtj.2023.v02.i2.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада ғылыми зерттеулерді талдау негізінде стирол өндірісінің перспективті және инновациялық технологияларына жалпы шолу жасалады. Стирол – ең маңызды мұнай-химия өнімі. Стиролды өндірісте гликольдерді, желім алу, бояу және лак өнімдерін алу, полиуретанды, целлюлозаны, полистиролдарды, кеңейтілетін полистирол,бутадиен-стиролды каучук алу өндірісінде, акрилонитрил-бутадиен-стирол термопластикасын алу өндірісінде, полимерлердің көптеген түрлерін өндіру үшін, басқа сополимерлерді алу және үлкен маңызы бар құрылыс материалдарын алу үшін қолданылатын маңызды тауарлық материал. Әлемде стиролдың жылдық тұтынуы шамамен 30 миллион тоннаны құрайды. Өндірісте кеңінен қолданылуына байланысты стирол алудың әдістері де сан алуан. Қазіргі таңда стиролды алудың бірқатар әдістері белгілі. Алайда, белгілі әдістердің әртүрлілігіне қарамастан, өнеркәсіптік масштабта стиролды алудың негізгі әдісі этилбензолды жоғары температурада каталитикалық дегидрлеу және оны гидропероксид әдісімен пропилен оксидімен бірлесіп алу болып қала береді. Соңғы онжылдықта көптеген зерттеулер толуолдың бүйірлік тізбекті алкилдену реакциясының механизмін түсіну бойынша жүргізілді. Қазіргі таңда бұл маңызды мономерді көмірсутек шикізатының пиролиз өнімдерінен, этилбензолдан синтездеу, полистирол қалдықтарынан стирол алу, ацетофенонды каталитикалық түрлендіру арқылы және метилфенилкарбинол құрамдас шикізатты қышқыл катализатор қатысында колонна тәріздес реактор ректификаторда алу тәріздес перспективалы әдістерді қолдану арқылы алуға болады.