СҰЙЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ТОПЫРАҚҚА АСТАРЛАЙ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ПЫШАҚТЫҢ ТАРТУ КЕДЕРГІСІН АНЫҚТАУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-1-3-29-40
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада сұйық тыңайтқышты топырақ астына енгізуге арналған топырақ өңдеу пышағының тарту кедергісін анықтау мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижелері баяндалған. Эксперименттер тығыздығы әртүрлі болған екі топырақ арнасында жүргізілді. Эксперимент нәтижесінде қопсытуға дейінгі тығыздығы 1370–1420 кг/м3, ал қаттылығы 3–4 кг/м2 болған топырақта кесу жиегінің бұрышы 27°–45° болған пышақтар жұбының 0,1–0,12 м тереңдіктегі таза тарту кедергісі 0,156–0,188 кН, ал 0,22–0,24 м тереңдіктегі тарту кедергісі 0,89–1,1 кН болды. Қопсытуға дейінгі тығыздығы 1,480–1,530 кг/м3 ал қаттылығы 8–14 кг/м2 болған екінші арнада 2,4 км/сағ жылдамдықпен қозғалған пышақтар жұбының толық саппен алғандағы тартуға кедергісі 0,1–0,13 м тереңдікте 1,60–1,8 кН, ал 0,22–0,24 м тереңдікте 2,30–2,44 кН болды. Сонда пышақтар жұбының таза тартуға кедергісі 0,4–0,54 кН құрады. Жалпы, пышақтың таза кедергісі төмен, ал кесу жиегі бұрышының кедергіге әсері айтарлықтай жоғары емес (8–10%). Эксперимент кезінде пышақтың таза кедергісінің 60–70 пайызын дерлік өңдеу тереңдігі мен топырақтың қаттылығы құрайтыны белгілі болды. Мақалада анықталған деректер далалық тәжрибені жоспарлауда маңызды.