АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ «КЕМЕЛ ҰЛТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.2-11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Абайтану – отандық әдебиеттанудағы шексіз, шетсіз сала. Мұны кейінгі жылдары жүргізілген түрлі пәндер мен салалар аясындағы жаңашыл зерттеулер де айқындайды. Ақын мұрасын қазіргі таңда әр қырынан, жаңаша тұрғыда зерттеу ісі қолға алынып келеді. Абай Құнанбайұлы шығармашылығында қарастырылатын әр ұғым мен түсінік әр кезеңде өзінің өзектілігін, маңызын жойған емес. Себебі адамзат бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктерді, мінез тақырыбын ақын философиялық тұрғыдан қарастырды. Бұл мақалада Абай Құнанбайұлы мұрасының өзекті жақтары қарастырылды. Ақын толғамдары мен пайымдаулары нәтижесінде «Кемел ұлт» тұжырымдамасының негіздері айқындалып, құндылықтар жүйесі зерттелді. Сонымен қатар ақынның шығармаларындағы қоғам бейнесі, адамдар мінезі, топтық портреттер жүйесі нақты мысалдар негізінде жүйеленіп берілді. Сонымен қатар аталған зерттеулер негізінде «Кемел ұлт» тұжырымдасының перспективасы, Абай шығармаларындағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі, Абай танымындағы ұлттық мінез типологиясы секілді өзекті тақырыптар талданып, ұлт мінезін түзеу, рухани кемелдендіру мұратының мәні, қыры айқындалады. Қазіргі уақытқа дейін Абайдың көптеген өлеңдері, қара сөздері зерттелді. Ғылыми еңбектер, мақалалар жарық көріп, әр қырынан талданды. Дегенмен Абай белгілі бір кезең зерттеліп, жауып қоятын тақырып емес. Ақын мұрасы әр кезең сайын, қайта зерделеп, зерттеп, жаңаша қырынан ашылатын өміршең тақырып болып қала бермек.