ЕКІ ЭЛЕКТРОНДЫ КВАНТТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҚАРПУ ПОТЕНЦИАЛЫН АНЫҚТАУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-126-3-232-239
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жұмыста сыртқы магнит өрісінде орналасқан екі электронды кванттық жүйедегі қарпу потенциалының қалыптасу механизмі талданады. Мұндай жүйенің қарапайым өкілі екі электронды кванттық нүкте болып табылады. Құрамында жартылай өткізгіш кванттық нүктелері бар гетероқұрылымдар қазіргі заманғы опто- және наноэлектроникада перспективалық материал болып табылады, осыған байланысты соңғы жылдары олардың қасиеттеріне қарқынды зерттеу жүргізілуде. Әртүрлі жартылай өткізгіштердің мөлшерін азайту үрдісі элементтер кванттық нүктелерді мүмкіндігінше аз мөлшерде алу және зерттеу қажеттілігін талап етеді, мысалы, бірнеше нанометрде. Кванттық нүктенің қалыптасу механизмін сипаттауда кванттық-механикалық әсерлер негізгі рөл атқарғандықтан жұмыс Осцилляторда өрнектеу әдісіне негізделген. Кванттық нүкте жағдайы үшін параметрлердің нақты мәндерінде алынған тәуелділік графиктерінен екі электрондық кванттық жүйедегі қарпу потенциалы электростатикалық өрістегі электрондардың өзара әсерлесуінен анықталатыны байқалды. Жүргізілген талдау жұмыстары кванттық нүктенің қасиеттерін басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай құрылым болашақ жоғарғы технологиялар базасы үшін негіз ретінде қолданыла алады.